Месси карьерасын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

©twitter.com/InterMiamiCF

Америкалық "Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бұрын да айтқанмын, алға болжам жасамаймын. Бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Мұршам келмейтінін түсінгенше алаңға шыға беремін", - деп береді Мессидің сөзін Marca.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport