Месси "Интер Майамимен" жаттығу кезінде тобығын қайырып алды

©twitter.com/InterMiamiCF

"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси командамен жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Бұл туралы RMC Sport хабарлап отыр.

Жаттығу кезінде аргнетиналық футболшы тобығын қайырып алыпты. Сөйтіп Месси ақсаңдап қалды. Дегенмен ешқандай ауыр жарақат жоқ сияқты. 

"Не болғанын көрмей қалдым, алайда бұл үлкен жарақат болса, бәрі шокта болатын еді. Ал ойыншылардың бәрі қалыпты тұрғандықтан, қорқынышты ештеңе болмады деп ойлаймын", - дейді команда бапкері Херардо Мартино.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport