Месси әлем чемпионатында жалған кубокті көтерген

©"Чемпионат"

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің Катарда өткен әлем чемпионатындағы жеңістен кейінгі әлемге тарап кеткен суретіне қатысты қызық дерек шықты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Месси трофейді басынан асыра көтеріп тұрған суретті Instagram желісінде жариялаған болатын. Бұл фотосуретке рекордты көлемде лайк басылды. Кейін аргентиналық сол кезде ұстап тұрған трофейдің көшірмесі болып шықты-мыс. 

Мессидің қолындағы трофейдің өзі емес Буэнос-Айрестен келген жанкүйерлер жасаған көшірме екені айтылды. Олар кубоктің көшірмесін тұмар ретінде алып келіп, қошемет шеңбері кезінде ойыншыларға берген.  

"Әлем чемпионаты алдында кружка өндірушілермен байланысқа шықтық. Кубоктің көшірмесін жасауға алты ай уақыт кетті. Оның салмағы да шынайы кубоктікімен бірдей. Ол смола мен кварцтан құйылды, ал сырты алтын түстес етіп боялған. Шынайы трофейден айыра алмайсыз. 

Біз ойыншылар оған қолтаңбасын қалдырса екен дедік, алайда оны алаңға үш рет алып кетті. Біріншісінде Паредес алып кетіп, қол қойды. Одан кейін өзге ойыншылардың қолына өтті, онымен бәрі суретке түсе бастады. Трибунадағылар бізге айта бастады: "Кубоктарыңнан айырылдыңдар" деп. Сосын айқай салдық: "Парадестегі кубокті көрсеңіздер, ол біздікі". Одан оны бізге Лаутаро Мартинес алып келді. ФИФА қызметкерлері келіп біздегі шынайы кубок емес екенін растауды сұрады. 

Ал суреттерді қарай бастағанда, Лео біздің кубокті көтеріп тұрғанын байқадық. Біз өз көшірмемізді бүге-шүгесіне дейін білеміз ғой, ал суретте оның төменгі жағынан біздің кубок екенін таныдық. Мессидің әйелі мен балаларының бірі де оны көтеріпті", - деп береді RMC Sport аргентиналық отбасының сөзін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport