Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

23 қыркүйек 2022 01:52
©Мейірбек Тәжқұранов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", -деп жазды президент твиттер парақшасында.

Еске салайық, Магомед Әдиев жаттықтыратын "қаршығалар" С Лигасының 3 тобында 13 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Енді турнирдегі соңғы матч 25 қыркүйек күні Әзірбайжан құрамасына қарсы Бакуде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport