Мбаппе карьерасын жалғасытратын клубты таңдады

©instagram.com/k.mbappe

"Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппе карьерасын жалғастыратын клубты таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Le Parisien мәліметінше, франциялық шабуылшы осы жазда "Реал" сапына өтпек. Мадридтіктердің форварды Карим Бенземаның саудиялық "Әл-Иттихад" командасына ауысуы Мбаппеге қатысты жағдайға әсер етіп отыр.

Мұның алдында Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты 2024/25 маусымына дейін ұзартқысы келмейтіні белгілі болды.  Бұл оған 2024 жылы маусымда еркін агент атануға мүмкіндік береді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport