Мбаппе аңғалдығымен елді күлкіге қарық қылды

©ПСЖ

"Пари Сен-Жермен" футболшылары Киллиан Мбаппе мен Ашраф Хакими Нью-Йорктегі ең қарбалас көшеде жанкүйерлерінен жасырынуға тырысты, деп хабарлайды Мassaget.kz

Ешкім танмас үшін футболшылар керемет камуфляж жасап алған: көзі ғана ашық, басы мен бетін жабатын бас киім киген. Олардың бұл жоспары сәтсіздікке ұшыраған, өйткені әлем чемпионаты жұлдыздарының видеосы Желіде тарап кетті.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:

"Неліктен барлығы Мбаппе мен Хакими туралы жазып жатыр? Олар бұл видеода жоқ! Мен ешкімді көрмедім", "Мбаппе шынымен өзін ниндзя тасбақамын деп санайды", - деп жазған Желідегілер.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport