Марокконың бас бапкері Франциямен матчқа қатысты батыл пікір білдірді

13 желтоқсан 2022 17:45
©FIFA

Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграги Қатардағы әлем чемпионатының жартылай финалы алында пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бұл ойында әсіресе Килиан Мбаппеге ерекше назар аударамыз. Біздің командада Ашраф Хакими ғана оның қандай футболшы екенін жақсы біледі. Килианнан басқа Антуан Гризман секілді мықты ойыншы бар. Жалпы Франция құрамасының сапында үздіктер көп. Алайда Мароккода Ашраф Хакими деген чемпион бар. Сондықтан алдағы матчқа аса қатты алаңдамаймын.

Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Көпшілікті таң қалдырып неге финалға дейін жетпеске? Біздің межеміз жартылай финал емес", - деді Реграги RMC Sport арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Аргентина мен Хорватия кездессе, екінші жұпта Франция мен Марокко өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport