"Манчестер Юнайтедтің" экс-қақпашысы 36 метрден баспен соққан допты өткізіп алды

Сурет: Daily Mail

Солтүстік Ирландияның 30-шы турындағы "Гленторан" және "Дангэннон Свифтс" арасындағы матчте қызық оқиға болды.

Бұл кездесуде "Гленторан" шабуылшысы Рори Доннели дубль жасады, оның бірін 36 метрден баспен салды. 29 жастағы Доннели "Дангэннон Свифтс" қақпашысы Рой Кэрролл алға шығып кеткенін сәтті пайдаланды. 

Кэрролл 2001 мен 2005 жылдар аралығы "Манчестер Юнайтед" командасында өнер көрсеткен. Англиялық клубта ол барлық турнирде 72 матчке қатысып, қақпасына 46 доп өткізген.