"Манчестер Юнайтедте" коронавирус өршіп тұр

13 желтоқсан 2021 10:56
©REUTERS

"Манчестер Юнайтед" клубында коронавирус өршіп тұр, деп хабарлайды The Sun. Мәлімет бойынша, жұқпалы дерт Англия премьер-лигасының 16-турында "Норвичпен" матчтен кейін (1:0) жасалған тесттен анықталған. 

Бұл дертті жұқтырғандар саны мен олардың есімдері аталмады. Дегенмен клуб бұл оқиға туралы лига басшылығына жеткізген. 

Алайда COVID-19 "МЮ" базасындағы жұмысты тоқтатпады. Команда 17-турдағы "Брентфордқа" қарсы ойынға дайындалып жатыр, бұл кездесу 14 желтоқсан Лондонда өтеді. Ал ковид жұқтырғандар қазір оқшауланды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport