"Манчестер Юнайтед" пен "Реал Сосьедад" матчына тікелей трансляция

©МЮ ФК

Бүгін Еуропа Лигасының 1 тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионында "қызыл сойқандар" Испанияның "Реал Сосьедадын" қабылдайды. Бұл екі клубтан бөлек Е тобында "Шериф" (Молдова) пен "Омония" (Кипр) командалары бар.

Құрамында Криштиану Роналду ойнайтын "Манчестер Юнайтед" биыл Чемпиондар лигасында өнер көрсете алмайды. Себебі өткен маусымда ағылшын командасы ішкі біріншілікте 6-орынға табан тіреген еді.

"Манчестер Юнайтед" пен "Реал Сосьедад" матчын бүгін түнгі сағат 1:00-де QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен өткізіп алмаңыз. Сонымен қатар, матчті телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға мүмкіндік болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport