"Манчестер Сити" Гвардиолаға қатысты шешім шығарды

©chelseanews.ru

"Манчестер Сити" команданың қазіргі бапкері Хосеп Гвардиоламен ары қарай да жұмыс істей бергісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, клуб басшылығы жақында маманмен келіссөздер өткізіп, жаңа келісімшартты 2027 жылға дейін жасауға үміттеніп отыр.

52 жастағы Гвардиола "Манчестер Ситиді" 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. 

2022/2023 маусымында "Манчестер Сити" требл жасап, Чемпиондар лигасы, АПЛ мен Англия кубогін ұтып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport