"Малагадан" да. "Қайрат" рейтингте Еуропаның белді клубтарынан жоғары тұр

©kisvardafc.hu

АҚШ-тың БАҚ өкілдері әлемнің ең үздік командаларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тізімге енген 610 клубтың ішінде Қазақстанның жалғыз өкілі бар. Ол "Қайрат" клубы. Алматылықтар 381 орынға тұрақтапты. Дегенімен аталмыш рейтингте халықтың командасы 47 орынға түсіп кеткен.

Соның өзінде "Қайрат" Англияның "Уиган" (400-орын), Германияның "Нюрнберг" (413), "Ганновер" (434) және Испанияның "Малага" (463) клубтарынан жоғары тұр.

Нұралы Әліп ойнайтын Ресейдің "Зениті" рейтингте 40-шы сатыға жайғасқан. Бахтиер Зайнутдиновтың ЦСКА-сы 152, ал Марат Быстров өнер көрсететін Грозныйдың "Ахматы" 279-сатыда.

Рейтингте "Манчестер Сити" көш бастап тұрса, екінші орында "Бавария", ал үздік үштікті "Ливерпуль" түйіндеп тұр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport