"Маған ешкім сенбейді". Жуков отанына қатысты ойымен бөлісті

©ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен Қытайдың "Цанчжоу Майти Лайонс" клубының ойыншысы Георгий Жуков отанына деген ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жуков Қытайда қатаң карантин шектеулері болғандықтан Ұлттар лигасының матчтарына келе алмады.

"Мені отаныма әрдайым тартып тұрады. Бірақ бұл туралы айтсам, маған ешкім сенбейді", - деп жазды Жуков инстаграм парақшасында.

Еске салайық, Жуков Қазақстанда дүниеге келген. Алайда бала күнінен бері Бельгияда тұрып, футбол әліппесімен сол жақта танысқан. Қазақстанда әр жылдары "Астана" мен "Қайраттың" намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport