"Ливерпуль" Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

©instagram.com/jurgenklopp10

"Ливерпуль" командасы Юрген Клопптың бастамасымен алтыншы рет қатарынан Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне шықты, деп жазады "Чемпионат" порталы. Бұл серия команданың рекордтық көрсеткіші. 

Топтық кезеңнің бесінші турында кеше ағылшындық команда сырт алаңда "Аякспен" кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, "Ливерпуль" плей-офф кезеңінің жолдамасына ие болды. Бұл команданың еншісінде 12 ұпай бар. Ал осы топта бірінші орында 15 ұпай жинаған "Наполи" тұр. 

Айта кетейік, Клопп "Ливерпуль" командасының тізгінін 2015 жылы ұстаған болатын. Оның келісімшарты 2026 жылы аяқталады. 2019 жылы бұл бапкердің бастамасымен команда Чемпиондар лигасында топ жарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport