"Күнде...". Поль Погба Роналду туралы ойын бүкпесіз айтты

26 желтоқсан 2022 09:50
©

"Ювентус" ойыншысы Поль Погба телеэфирдің бірінде Криштиану Роналдудың ойынына қатысты пікір білдірді. Португалиялық шабуылшы "Манчестер Юнайтедке" ауысарға дейін екі футболшы италилық клубта бірге ойнады, деп хабарлайды Daily Mail

"Тәртіпке беріктігі керемет, ондайды бұрын көрген емеспін, өзгелермен салыстырғанда басқа деңгей. Кәсіпқой футболшылардың жаттығуға ертерек келетінін көремін, қалыпқа келу процедураларын жасайды, бірақ Криштиану Роналду ғана мұны үздіксіз күнде істейді! Кейде ойлайсың - ой қойшы, менде бәрі дұрыс қой деп. Ал ол бір күнді де жібермейді. Мұндай тәртіп - ерекше бір дүние", - дейді Погба. 

Еске салайық, Роналду "Ювентустен" жазда "МЮ-ге" ауысқан, ал қазіргі таңда клубсыз жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport