Криштиану Роналду Сауд Арабиясында бақыттыма деген сұраққа жауап берді

©twitter.com/Cristiano

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының артықшылықтары туралы сөз етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Сауд Арабиясында өнер көрсетемін, бірақ құрамада да ойнап жүрмін және үш матч өткізіп үлгердім. Сондықтан ұлттық командадағы позицияма бұл әсер етіп жатқан жоқ. Бапкерге сұрақ қоюға болады. 

Мен өте бақыттымын. Сауд Арабиясының лигасы өте жақсы. Ал енді трансферлер де бәрін көрсетіп отыр. Мен бақыттымын және көбірек гол соғамын деген үміттемін", - деп береді Роналдудың сөзін O Jogo.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport