ҚПЛ-ге көтерліген команда алты легионерді сапына қосты

©"Қайсар" ФК

Премьер-лигаға қайта көтерілген "Қайсар" бүгінгі таңда алты легионерді сапына қосқан, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қызылордалық клуб франциялық қорғаушы Проспер Менди, Буркино-Фасо елінен тағы бір қорғаушы Бен Азиз Загре, черногориялық жартылай қорғаушы Горан Милойко, украиналық қорғаушы Виталий Приндета және сербиялық шабуылшы Николо Дишичпен келісімшарт жасады.

Ал былтырғы құрамнан бразилиялық қорғаушы Жоао Педро Оливейра кетті.

Команда ивуарлық қорғаушы Гео Экраны да сапына қосуы мүмкін, қазір ол бақылаудан өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport