Қош бол аңыз! Пеле көз жұмды

30 желтоқсан 2022 09:16
©REUTERS

Футболдан Бразилия құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы Пеле 82 жасында көз жұмды. Бұл туралы оның қызы Келли Кристина Насименту Instagram желісі арқылы хабарлады. 

"Біздегінің бәрі сенің арқаң. Сені шексіз сүйеміз. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазыпты ол. 

Пеле - Бразилия құрамасымен үш дүркін чемпион бола алған тарихтағы жалғыз футболшы, ал клубтық деңгейде карьерасының көп бөлігін "Сантоста" өткізді. 

Кәсіпқой карьерасында салған голдар саны бойынша Пеленің аты Гиннесс рекордтар кітабына жазылған - кей деректер бойынша 1281 гол соғыпты. 

Біраз уақыт бұрын Пеленің денесіне ісік жайылғаны анықталды, осыған байланысты кей уақыт аралығында оның есі тұманданып, өзіне ие бола алмай қалады екен. 

Кейінгі жылдары бразилиялыққа химиотерапия жасалды, алайда ол оң нәтиже бермеді. 

Бір жылдай бұрын, 2021 жылдың қыркүйегінде Пеленің тоқ ішегінен қатерлі ісік табылды, соның салдарынан ол 2022 жылы сәуірде ауруханаға жатқызылды. Мұнан бөлек бразилиялықта тағы бірнеше дерт болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport