Қазақстандық клуб ойыншысы Африка ұлттары кубогінің матчіне шақырту алды

©"Қайсар" ФК

"Қайсардың" қорғаушысы Проспер Менди Гвинея-Бисау құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Африка ұлттары кубогінің А тобында Мендидің құрамасы Нигериямен ойнайды. Матч 24 наурызда өтеді. 

Екі ойын қорытындысы бойынша Нигерия алты ұпаймен бірінші орында келеді, ал Гвинея-Бисау төрт ұпаймен екінші орында. 

Еске салайық, 26 жастағы Менди "Қайсар" сапына жыл басында қосылды, содан бері Қазақстан чемпионатындағы үш матчке қатысып, бір нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport