Қазақстандық клуб футболшыларға шарт қойды - тегін ойна немесе кете бер

Сурет: НГС24

Астаналық БЖМОРСМ №8 футбол клубында қаржылық қиындықтар туындады. Meta-ratings.kz мәліметінше, ойыншыларға еңбекақы да, сыйақы да төленбей жатыр екен. 

Сонымен қатар, футболшыларға тегін ойна немесе кете бер деген шарт қойыпты. Бұл туралы футболшыларға клуб директоры Самат Жылқыбаев жаттығу алдында айтқан. 

"Жылқыбаев әкімдік ақша бөлмей жатқанын және қазір командаға өз қаржысын жұмсап жатқанын мәлімдеген. Келісімшарт барына қарамастан, ойыншылар еңбекақы да, сыйақы да алмайды. Дегенмен клуб ойыншыларды басқа командаға өтемақысыз жіберуге дайын. 

Осылайша, Екінші лигадағы командада тегін ойнауға дайын немесе ойын тәжірибесі қажет еткендер ғана қалады", - дейді мәлімет көзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport