Қазақстан - Өзбекстан. Жолдастық матчке трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 16 қараша футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Ташкенттегі "Пахтакор" стадионында өтеді, басталуы 19:00. 

Бұл матчті Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Айта кетейік, командалар кейінгі рет 2007 жылы Шымкентте өткен халықаралық жолдастық турнирде ойнаған. Ол кездегі матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport