Қазақстан мен Шотландия матчына тікелей трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 29 наурыз күні Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуро-2023 турниріне жолдама берілетін іріктеу кезеңінде Шотландия футболшыларымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос ұжым арасындағы ойынды елорда уақытымен 17:00 бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, спорттық арнаның ресми сайты да аталмыш кездесуді онлайн режимде таратады. Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.

Еске салайық, I тобында Қайрат Нұрдәулетов баптайтын жастар командасы соңғы орында тұр. Жерлестеріміз осыған дейін өткізген бес матчта бірде бір ұпай еншілей алмады. Шотландия құрамасы болса 4 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді.

I тобының көшін 18 ұпайы бар Бельгия ойыншылары бастап тұр. Дания 9 баллмен екінші орынға жайғасса, үздік үштікті 3 ұпайы бар Түркия жастары түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport