Қазақстан құрамасының Молдовамен матчта алаңға шығатын ойыншылары белгілі болды

©kff

Қазақстан құрамасының Молдовамен матчта алаңға шығатын негізгі құрам ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Карпович алаңға Шацкий, Быстров, Малый, Марочкин, Әліп, Сүйімбаев, Тағыберген, Нәрзілдаев, Зайнутдинов, Щеткин және Васильевтерді шығарды.

Еске салайық, Молдова мен Қазақстан құрамалары Ұлттар Лигасының С Лигасында орнын сақтап қалу үшін қос ойыннан тұратын кездесу өткізеді. Молдовадағы матчты бүгін Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен 23:00 бастап тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport