Қазақстан құрамасы Молдоваға ұшты

©ҚФФ

Бүгін, 22 наурыз футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы елордадан Молдова астанасы Кишиневке чартерлік рейспен ұшты, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. Қос ұжым УЕФА Ұлттар Лигасының өтпелі матчы аясында кездеседі.

23 наурыз күні жергілікті уақытпен 16:30 Андрей Карпович пен ойыншылардың бірі баспасөз мәслихатына қатысады.

17:00 "Зимбру" стадионында Қазақстан құрамасының жаттығуы өтеді.

Молдова мен Қазақстан құрамасының ойыны 24 наурызда елорда уақытымен 23:00 басталады. 

Молдовамен өтетін ойынға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Актобе"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Нұрлан Дайыров ("Тараз"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы - "Тобыл"), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де - "Ақтөбе"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - "Тобыл"), Айбол Әбікен ("Ақсу"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Абылайхан Назымханов ("Шахтер");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана"), Роман Муртазаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл").

Бапкерлік штаб: Андрей Карпович - бас бапкер, Максим Жалмагамбетов - бас бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский - бас бапкердің көмекшісі, Борис Глушков – физдайындық жаттықтырушысы, Александр Петухов – қақпашылар бапкері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport