Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарлады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде жоғарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған тізімде Қазақстан екі саты жоғарылап, 98-орынға жайғасыпты. 

Қазан айында Магомед Адиевтің шәкірттері Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында сырт алаңда екі матч өткізді: Даниядан ұтылды (1:3) және Финляндияны ұтты (2:1).

26 қазандағы ФИФА рейтингі:


1 (1). Аргентина – 1861,29 очка;
2 (2). Франция – 1853,11;
3 (3). Бразилия – 1812,2;
4 (4). Англия – 1807,88;
5 (5). Бельгия – 1793,71;
6 (8). Португалия – 1739,83;
7 (7). Нидерланды – 1739,26;
8 (10). Испания – 1725,91;
9 (9). Италия – 1717,81;
10 (6). Хорватия – 1711,88;
...98 (100). Қазақстан - 1219,65.

Бұл рейтингте Қазақстан ең жоғары көтерілгені 2016 жыл болатын. Ол кезде еліміздің құрамасы 86-орында еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport