Қазақ төреші Қырғызстан мен Ресей матчінде жұмыс істейді

24 қыркүйек 2022 15:34
©ҚФФ

Қазақстандық төрешілер бригадасы Қырғызстан мен Ресей матчінде жұмыс істейді, деп жазады Vesti.kz тілшісі РФО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойынның бас төрешісі Данияр Сахи. Оның көмекшілері Евгений Бельский мен Самат Тергеусізов.

Резервті төреші қырғызстандық Дайырбек Абдылдаев.

Жолдастық ойын 24 қыркүйек күні елорда уақытымен 20:00 Бішкекте өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport