"Қайраттың" бұрынғы көшбасшы футболшылары қытайлық командаға ауысуы мүмкін

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" командасының бұрынғы футболшылары Раде Дугалич пен Нейбойша Косович карьераларын Қытайда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Republika.rs порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, сербиялық қорғаушы мен черногориялық жартылай қорғаушыға "Мейжу Хака" командасы қызығып отыр. 

Еске салайық, Дугалич пен Косович "Қайраттан" биыл қаңтар айында кетті. Бұл екеуі де жалақыны қысқартуға келіспеді. 

Дугалич "Қайрат" сапына 2019 жылы қосылып, 95 кездесу өткізіп, 12 гол соққан. Косович та алматылық команда сапында 2019 жылдан бері ойнады. Ол 72 кездесуге қатысып, тоғыз мәрте көзге түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport