"Қайрат" құрамына ресейлік қорғаушының қосылғанын хабарлады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" командасы ресейлік қорғаушы Виктор Васиннің ауысқанын хабарлады. 

Васин бұған дейін мәскеулік ЦСКА командасы сапында өнер көрсетіп, үш мәрте Ресейдің чемпионы атанған. Екі мәрте Ресей кубогін жеңген. Сонымен қатар, қорғаушы Ресей құрамасы сапында 13 кездесу өткізіп, екі гол соққан. 

"Қайрат" командасы 33 жастағы қорғаушымен 2022 жылдың соңына дейін келісімшарт жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport