"Қателік жібермеді". Рубен Диаш Испаниямен өткен матч жайлы

28 қыркүйек 2022 06:44
©Footboom

Португалия құрамасы өз алаңында Ұлттар лигасының соңғы турында Испанияға ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Испаниялықтар қорғаныс пен шабуылда қателік жібермеді. Біз болсақ өз мүмкіндіктерімізді мүлт жіберіп жаттық. Ойынның соңғы минуттарында гол өткізіп алдық. Кейін таразы басын теңестіруге уақыт жетпей қалды. Амал жоқ басымызды жоғары көтеріп, алға жылжуымыз керек", - дейді футболшы.

Еске салайық, А лигасының екінші тобында Альваро Моратаның салған голының арқасында Испания құрамасы 11 ұпаймен көш бастады. Португалия болса 10 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды. Бұл турнирді Швейцария 9 ұпаймен және Чехия 4 баллмен аяқтады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport