Кәсіпқой лига наурыздағы ең мықты ойыншы мен бапкерді атады

Сурет: "Қайрат" ФК

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) айдың үздік ойыншысы мен бапкерін анықтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

2021 жылғы маусымындағы наурыз айының қорытындысы бойынша футболдан Olimpbet чемпионатының үздік ойыншысы алматылық "Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лав. Дауыс беруде ол 32 балл жинады.

Жаңа маусымнан бастап айдың үздік футболшысын анықтау үшін дауыс беруде бас бапкерлер ғана емес, команда капитандары да қатысады.

Ал чемпионаттың наурыздағы ең үздік бапкері "Қайраттағы" Алексей Шпилевский. Белоруссиялық маман 7 ұпай жинаған.