"Каспийді" ойсырата ұтқан "Ақтөбе" көш басында қалды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" ҚПЛ-дің 22-тур матчінде ақтаулық "Каспийді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтөбеде өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Алаң қожайындары есепті 20-минутта ашты. Ал 43-минутта Максим Самородов есепті еселеді. 53-минутта ол дубль жасады. Ал 67-минутта Буыржан Байтана есепке нүкте қойды. 

Осылайша, Ақтөбе 45 ұпаймен турнир кестесінде көш басында қалды. "Каспий" 29 баллмен жетінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport