Жұмағұлов "Ақтөбенің" "Астананы" ойсырата ұтқанына қатысты ойын айтты

©instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов "Ақтөбенің" Қазақстан чемпионатының 15-турында "Астананы" ойсырата ұтқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтөбеде өткен кездесу 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Ақтөбе", құттықтаймын! Сендер ең мықтысыңдар", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Матчты тамашалаған спортшы клубтың жанкүйерлерін де атап өтті: "Осылай жанкүйер болу керек".

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport