Исламхан бірінші рет Чемпиондар лигасында ойнайды. Матчке тікелей трансляция

© "Аль-Айн" ФК
Бүгін, 11 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" үшін Азияның Чемпиондар лигасында алғаш рет ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Аль-Айн" өз алаңында ирандық "Сепахан" командасымен ойнайды, матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:50. Ойынды келесі сілтеме арқылы тікелей тамашалауға болады

Трансляция №1 >>>

"Аль-Айн" сапына Исламхан 31 қаңтарда өткен. Қазақстандық футболшы ешқашан Чемпиондар лигасында ойнаған емес және бұл матч ол үшін турнирдегі бірінші ойыны.