Ибрагимович "Миланда" қалатын болды

©Reuters

40 жастағы Златан Ибрагимович "Милан" клубымен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо твиттер парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, шабуылшы мен италиялық клуб өзара келісімге келген. Нәтижесінде швециялық футболшы "Миланда" тағы бір жыл ойнап, 1,5 миллион еуро табыс табысқа кенеледі.

Еске салайық, Ибрагимович өткен маусымда Италияның А сериясында "Милан" сапында сегіз гол соқты. Ол биыл 41 жасқа толады. Жалпы Златан Ибрагимович "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Милан", "Барселона" және ПСЖ клубтарымен бірге бірнеше реттен чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport