Хосеп Гвардиола Англия чемпионатының рекордын орнатты

Сурет: Soccernews.ru
"Манчестер Сити" футболдан Англия чемпионатының 36-шы турында "Борнмутты" ұтты.

Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Давид Сильва (6-шы минут) мен Габриэль Жезус (39-шы) гол салды. Ал қарсылас командадан Дэвид Брукс (88-ші) қана көзге түсті.

Осы жеңістен кейін "Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиола лигадағы алғашқы 150 матчтегі жеңістер саны бойынша АПЛ рекордын орнатты. Бұл туралы OptaJoe хабарлап отыр.

Гвардиоланың командасы 111 ойында ұтқан. Бұл көрсеткіш бойынша ол Жозе Моуринью (105), Юрген Клопп (92), Алекс Фергюсон (90) мен Кенни Далглиштен (85) асып түсті.

"Манчестер Сити" 75 ұпаймен АПЛ-дің турнир кестесінде екінші келеді.