Хорватия құрамасын ұтқан Англия Еуропа чемпионатын жеңістен бастады

Сурет: Reuters

Футболдан Еуопа чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында Англия құрамасы Хорватияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондағы Уэмбли стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 57-ші минутта жалғыз голды Рахим Стерлинг салды.

Англия мен Хорватия құрамалары D тобында, одан бөлек мұнда Чехия мен Шотландия бар.