Гол салуға аз қалды. Зайнутдиновтың ЦСКА үшін алғашқы матчіне видеошолу

Сурет: ЦСКА ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА командасы сапында алғашқы ойынын өткізді. Матч Ресей премьер лигасының бесінші туры аясында РПЛ-дың бесінші турында "Краснодарға" қарсы болды (1:1).

Зайнутдинов алаңға 54-ші минутта шығып, Федор Чаловты алмастырды. Қазақстандық футболшы жаңа клубы үшін алғашқы ойында-ақ гол салуға тырысты, алайда, оның тепкен добын "Краснодар" қақпашысы Матвей Сафонов қағып үлгерді.



22 жастағы Зайнутдинова ЦСКА сапына ауысқаны 25 тамызда белгілі болды. Қазақстандық футболшы үш жылға келісімшарт жасап, 19-шы нөмірлі футболкада ойнайтын болды.