Футболдан 2020 маусымдағы Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі карьерасын аяқтады

Олег Хромцов. Сурет: "Жетісу" ФК

37 жастағы молдавиялық футболшы Олег Хромцов карьерасын аяқтады. Бұл туралы Rnovosti.info хабарлап отыр.

Шабуылшы ойнаған кейінгі команда оралдық "Ақжайық" болатын. Сонымен қоса, Қазақстанда ол "Жетісу", "Қайсар", "Каспий" және "Жеңіс" клубтарында өнер көрсеткен. 

Былтыр Хромцов Қазақстанның бірінші лигасында үздік бомбардир болған, ол кезде оралдық команда 2021 маусымда премьер-лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 

Футболшы карьерасында Украина, Беларусь, Ресей және Молдова чемпионаттарында да ойнаған.