Футболдағы ең ықпалды адамның есімі аталды

Нассер Аль-Хелайфи (сол жақта). Сурет: Eurosport
Ең беделді "Алтын доп" сыйының құрылтайшысы France Football басылымы футболдағы ең ықпалды адамдардың рейтингін жасады. 

Тізімде бірінші "Пари Сен-Жермен" президенті Нассер Аль-Хелайфи. Сонымен бірге, ол катарлық beIN Media Group телекомпаниясын басқарады. Бұл арнаның 55 миллион жазылушысы бар және 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындықпен айналысады.

Ал рейтинг үштігіне "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен ФИФА президенті Джанни Инфантино кірді. Дегенмен кім қандай орында екені айтылмады.

"Мен маңыздысы қызмет, рөл немесе титул емес деп ойлаймын. Мені мұндай дүниелер ынталандырған емес. Назарымды нәтиже мен ықпалға көбірек саламын.

Бедел мен ықпал мәселелері... Оларды сараптап, пікір білдіру үшін журналистер бар. Күштілігін көрсетіп, даңқ іздеу - атақұмарлық қана екенін бәріміз білеміз", - дейді Аль-Хелайфи.

Рейтингтің толық нұсқасы бүгін, 19 мамырда жарияланады.