Еуропа лигасының бірінші матчінде ПСВ оңбай ұтылды, ал "Ювентус" жеңісті жіберіп алды

©rmcsport.bfmtv.com

"Ювентус" Еуропа лигасы 1/16 финал кезеңіндегі франциялық "Нантпен" матчте жеңісті уысынан шығарып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Туринде өткен ойында алаң иелері 13-минутта есеп ашты, гол авторы Душан Влахович. Алайда 60-минутта франциялық команданың жартылай қорғаушысы Людовик Бла есепті теңестіре алды - 1:1.

Қатар өткен матче ПСВ Испанияда "Севильядан" оңбай ұтылды. Алаң илелері жауапсыз үш гол салды - Юссеф Эн-Несири ('45+2), Лукас Окампос ('50) және Неманья Гудель ('55).

Германияда "Байер" 2:3 есебімен "Монакодан" ұтылып қалды. Тоғызыншы минутта германиялық клубтың қақпашысы Лукас Градецки автогол жасады. Үзілістен кейін Мусса Диаби ('48) мен Флориан Вирц ('59) жағдайды түзеп, команданы алға шығарды. Алайда 74-минутта Крепин Диатта есепті теңестірді, ал қосымша уақытта Аксель Дисаси жеңіс голын салды. 

Тағы бір кездесу Португалияда өтті, онда жергілікті "Спортинг" даниялық "Мидтьюлланмен" тең түсті - 1:1. Имам Ашур 77-минутта алаң қонақтарын алға шығарды, ал қосымша уақытта Себастьян Коатес алаң қожайындарын жеңілістен құтқарып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport