Еуропа лигасы: "Барселона" автогол кесірінен "Манчестер Юнайтедтен" ұтылып қала жаздады

©Reuters

Футболдан Еуропа лигасының 1/16 финал матчтері өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турдың орталық матчінде "Барселона" өз алаңында "Манчестер Юнайтедпен" ойнады. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. 

50-минутта каталондықтар сапынан Маркос Алонсо есеп ашты. Алайда 53-минутта Маркус Рэшфорд есепті теңестірді.

59-минутта "Барсаның" франциялық қорғаушысы Жюль Кунде автогол салып қойып, "МЮ" алға шығып кетті. Дегенмен бразилиялық форвард Рафинья испаниялықтарды жеңілістен құтқарды.

Амстердамда өткен өзге матчте "Аякс" пен германиялық "Унион" жеңімпазды анықтай алмады, есеп 0:0. 

Аустрияда жергілікті "Зальцбург" италиялық "Романы" ұта алды - 1:0. 88-минутта жалғыз голды Николас Капальдо салды.

Варшавада донецкілік "Шахтер" франциялық "Реннді" ұтты. 11-минутта Дмитрий Крысков гол салды, ал үзіліс алдында Артем Бондаренко пенальтиді сәтті орындады. Франциялықтар сапынан 59-минутта Карла Токо Экамби бір гол соға алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport