Еуро-2022 іріктеуінде футболшы ойға қонымсыз фол жасады

Сурет: championat.com

Украинаның футболдан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Натия Панцулая Солтүстік Иралнидяға қарсы Еуро-2022 турниріне іріктеу матчінде ережені өрескел бұзды. 

Оқиға есеп 1:0 болып тұрған кезде ойын соңына таман болды. Панцулая допқа жүгіріп келе жатқан ирландиялық Сара Макфадденді иықпен қағып жіберді. Украиналық футболшы допқа жақын болған, дегенмен, кенеттен қарсыласына қарай кері жүгірген. Төреші ереже бұзған футболшыға қызыл қағазды төте көрсетті. 

Белфастта өткен кездесу Украинаның жеңілісімен аяқталды - 0:2. Солтүтсік Ирландия екі матч қорытындысы бойынша (2:1, 2:0) 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің финалына шықты.