"Етім үйренбеген...". Неймар ӘЧ-дан кейін мәлімдеме жасады

12 желтоқсан 2022 15:00
©FIFA

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Қатардағы әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желіде ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әлі күнге дейін соңғы ойынды есіме алсам өкініштен өзегім өртенеді. Біз жеңіске жақын едік... Өкінішке қарай немесе қуанышқа қарай осы уақытқа дейін жеңілісті қабылдай алмай келемін. Әрине жеңілістер мені мықты қылады. Бірақ ондайға етім үйренбеген. Өмір жалғасады. Алға қарай жүру керек.

Ең бастысы бізге керемет қолдау көрсеткен Бразилия халқына алғысымды айтамын! Біз соңына дейін күрестік. Катар еліне рахмет айтамын. Әлем Кубогі Бразилияға бару керек еді. Бірақ бұл жолы бұйырмады.

Енді мұның бәрін ұмытып, уақытты отбасымен және достармен бірге өткізу керек. Өкінішті жеңілістен кейін өз-өзіме келуім ұзаққа созылады. Бірақ бұл күндер де артта қалар!", - деп жазды Неймар инстаграм парақшасында.

Еске салайық, турнирдің ширек финалында Бразилия мен Хорватия кездесіп, балқандықтар пенальти сериясында үздік шықты. Енді Хорватия жартылай финалда Нидерландыны үйіне қайтарған Аргентинамен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport