"Челси" командада үш жыл ойнамаған футболшымен келісімшартты ұзартты

Сурет: chelseanews.ru

"Челси" футбол клубы жартылай қорғаушы Тьемуэ Бакайокомен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды "Чемпионат"

Футболшымен осы жолғы келісім құжаты 2023 жылға дейін есептелген, клуб оны ұзарту опциясын қосты. Бір айта кетерлігі, футболшы алаңға көк жейдемен 2018 жылдан бері шыққан емес. 

2018/2019 маусымында Бакайоко "Милан" сапында өнер көрсетті, енді италиялық команда оны өз қатарына қайта қосқысы келеді. Бұл үшін миландықтар "Челсимен" келісімшарттың егжей-тегжейін талқылауы керек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport