Бенземаның "Алтын допты" жеңіп алуына қатысты Месси өз ойын айтты

©twitter.com/WeAreMessi

Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси франциялық Карим Бенземаның 2022 жылы "Алтын допты" иеленгеніне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда Бензема саудиялық "Әл-Иттихад" клубында ойнайды.

"Тамаша өткізген маусым мен бүкіл карьерасының арқасында Бензема шынымен оған лайық еді. Ол тамаша ойыншы. Бұл сый оған және футбол үшін де маңызды", - депті Месси 2022 жылғы "Алтын доп" туралы деректі фильмде. Аргентиналықтың сөзін FootMercato беріп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport