"Бәрін солар жасады". Зидан "Реалдың" чемпион болғанына қатысты пікір білдірді

Сурет: TSN.ua
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан команданың Испания чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Sports.ru.

Мадридтік "Реал" Испания чемпионы атанды

"Керемет сезім. Не сезімде екенімді сипаттайтын сөз жоқ. Матчте футболшылар айқасты. Иә, менің өз рөлім болды, дегенмен, бәрін жасаған солар. Бұл керемет команда, олардың бақытын көргенде өзім де қуанамын. 

Ең көп ұпай жинағандықтан үздік болдық. Бары сол ғана. Бұл менің карьерамдағы ең тамаша күндердің бірі. Чемпиондар лигасы - ол Чемпиондар лигасы, бірақ, мен осы титулға көбірек қуаныштымын, өйткені Ла Лига - өте керемет", - деп береді Зиданның сөзін Marca.

Зидан "Реал" тарихындағы ең мықты бапкер болды