Бабаянмен келісе алмады. "Астана" ойыншысы маусым соңында командадан кетеді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Астана" командасының қорғаушысы Михаил Габышев маусым аяқталған соң елордалық командадан кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Астана" командасының жаңа бапкерлері Габышевтің өнеріне көңілі толмайды. Сол үшін ол алдағы маусымды жаңа команданың сапында бастауы мүмкін. 

Габышев ҚПЛ-дің 21-туырнда "Тараз" (2:2) қарсы кездесуде қосалқы құрамда қалды. 

Ал жаңа маусымның басында Григория Бабаян команданы жаңартып алуға ниетті. Оның ішінде маман қорғаныс шебін де ауыстырмақ. 

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан құрамасында алғашқы кездесуін өткізген Михаил жалпы құрамасы сапында Ұлттар лигасында үш ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Оның Беларусь құрамасының (2:1) қақпасына соққан голы біздің құрамаға жеңіске жетуге көмектесті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport