Әйгілі футболшы Мессиді Марадона мен Пеледен жоғары қойды

©instagram.com/afaseleccion

"Барселона" мен Нидерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Патрик Клюйверт аргентиналық Лионель Мессиді тарихтағы ең мықты футболшы деп атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлбетте, Марадона, Пеле, Круифф болды, тағы біраз адамды атауға болады. Алайда басқа аңыздарға құрметпен қарай тұрғанмен, бәріне зер салайықшы, Месси үлкен жетістікке жетті және әлі де жетуде: жеті "Алтын доп", Чемпиондар лигасында қанша жеңісі бары есімде жоқ, ӘЧ, Америка кубогіндегі жеңіс. 

Ол футболшы жете алатын барлық кубокті жеңіп алды, жеке сыйларды да", - деп береді Клюйверттің сөзін Johnnybet.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport