"Астананың" бас бапкері Исламбек Қуатты қатаң жазалады

©"Астана" ФК

"Астана" футболшысы Исламбек Қуат дубльге ауыстырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, мұндай шешімді бас бапкер Срджан Благоевич қабылдаған. Себеп - Исламбектің командаласы Жереми Манзорромен жанжалдасуы. Алайда франциялық футболшы жазаға тартылмады да, бұл өзге футболшылардың наразылығын тудырды. 

Исламбек астаналық клубта былтырдан бері ойнап келеді, сонымен қоса, ол карьерасында "Оқжетпес", "Ақтөбе", "Қайрат", "Оренбург", "Химки" клубтарында өнер көрсеткен. 2015 жылдан бері Қазақстан құрамасына шақыртылып жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport