"Астанаға" 2,4 миллион еуро тұратын ойыншы ауысты

©Хатайспор ФК

"Хатайспор" ойыншысы Мұхаммед Камара "Астана" сапына жалға алынды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Келісімшарт бойынша футболшы маусым соңына дейін қазақ командасында доп тебуі тиіс. Түріктің Яғыз Сабункуоглу деген журналисі мәлімдегендей, келісімшарттың біткен сәтінде елордалықтар либериялықты 1 млн еуроға сатып ала алады.

Қазіргі таңда Камараның трансферлік құны 2,4 млн еуроны құрайды. Еске салайық, Камара Қазақстан чемпионатындағы алғашқы либериялық фтболшы атанбақ. Сонымен қатар, 13 жылдық тарихы бар "Астананың" 11-ші африкалық ойыншысы болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport